Жаңалықтар

Сіздерді Елорда күнімен құттықтаймыз!!!


Сіздерді Елорда күнімен құттықтаймыз!!!

Астанамыздың дамуына, гүлдеуіне өзіңіз куәсіз, 2021-дың өзінде ғана, қаламызда 1 млн. астам ағаш пен бұта отырғызылып, шаһарымызды көркейте түседі. Ал өзіміздің Индустриялдық паркте жылу жүйелері тартылып жатыр. Көк байрағымыз аспанымызда, еңсеміз биік болып, еліміз аман болсын!!! Ізгі ниетпен, Арнайы экономикалық аймақтарының басқарушы компаниясы P.s. кішкене астанамыздың тарихына шолуды Шукшев Сергей жасаған ... Шамалы тарихқа тереңдейік… Осыдан 30 жыл бұрын - 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, ел астанасын оңтүстіктен орталыққа қарай көшіру мәселесі көтерілген болатын. Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Араға үш жыл салып, Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді. 1998 жылы 6 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді. Кейін елорда күні мейрамы 6 шілдеге ауыстырылды. 23 наурыз 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордамызды Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Міне еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туылған күнің бүгінде 23-ші рет қарсы алып жатырмыз. Бас қаланы қиын да, дағдарысты кезеңде ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл Қазақстан экономикасы үшін жаңа өсу нүктесі болатынын білді. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан бүкіл Орталық Азия аймағының мәдени, іскерлік және саяси орталығы болып табылады.

Артқа қайту