Жаңалықтар

Әзербайжан елшісі астаналық АЭА-та қонақта.


Посол Азербайджана посетил столичный СЭЗ

Бүгін Индустриялық паркке ҚР-дағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов келді. Кездесуге Бауыржан Мухамедиянов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі/ Акимат города Нур-Султан ИКДБ басшысының орынбасары, Марат Бопазов, Казахстанский центр индустрии и экспорта "QazIndustry" төрағасының орынбасары, сондай-ақ парфюмерлік өнімдер өндіретін әзірбайжан инвесторы "Аромат" ЖШС қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты "Аромат" ЖШС инвестициялық жобасының жүзеге асырылу барысымен танысу, жаңа Әзірбайжандық инвестициялық жобаларға мүмкіндіктерді қарастыру, сондай-ақ Әзірбайжан экономикасын дамытуға қажет қазақстандық шикізат, материалдар мен қызметтерді жеткізу көздерін табу болды. Елші Әзербайжанның біздің АЭА қатысушысы "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС өндірген электровоздарды сатып алуда оң тәжірибесі бар екенін атап өтті. Елші Әзірбайжан Үкіметі елден тыс жерлерде әзірбайжан инвесторлары жүзеге асыратын әрбір инвестициялық жобаға қамқорлық жасап, оны мәпелейтінін атап өтті. Өз кезегінде, "Аромат" ЖШС директоры Закир Биннатли Қазақстанда???????? инвесторлар үшін қолайлы ахуал жасалғанын және шетелдік инвестор Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауын сезінетінін растады. Кездесу барысында Әзербайжан елшісіне елордалық АЭА инвестициялық мүмкіндіктері, инвесторларға берілетін жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау шаралары, АЭА қатысушыларының өнімдері таныстырылды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Әзірбайжан инвестициялары есебінен салынып жатқан парфюмерлік зауыттың құрылыс барысымен танысты. Зауыт Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында іске қосылады.

Артқа қайту