Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ЛОКОМОТИВ ҚҰРАСТЫРУ


ОТЕЧЕСТВЕННОЕ ЛОКОМОТИВОСТРОЕНИЕ

General Electric технологиясы бойынша дизельді локомотивтер Қазақстанда 2009 жылдан бастап шығарыла бастады. "Локомотив құрастыру зауыты" отандық машина жасаушы құрастырған 400-ге жуық магистралды локомотивтер Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Түркіменстан, Әзірбайжан және Молдова Ұлттық теміржол әкімшіліктерінде жұмыс істеуде. Энергия тиімді ЛҚЗ локомотивтері шетелдік аналогтармен салыстырғанда отынның 17% үнемдейді. ????????Отандық локомотивтерде пайданалатын 11000 бөлшегі елімізде жасалған. 2020 жылы ЛҚЗ маневрлік локомотивтер өндірісін игеріп, тиесілі сынақтардан және сертификаттаудан сәтті өтіп жатыр. Made in KZ бағдарламасы 24KZ арнасында елордалық "Астана-жаңа қала" АЭАда локомотивтердің қалай құрастырылып жатқанын көрсетті. АЭА басқарушы компаниясы қазақстандық локомотивтерге PTC Holding, DAR Rail, ТТТ Сервис, Болат жол, Транс Локомотив 2011, Астана темір жол шаруашылығы, Локомотив 2030 сияқты жеке операторлар да сұранысқа ие болады деп пайымдайды.

Артқа қайту