Жаңалықтар

Біз 2020 жылды қортындыладық!


Мы подвели итоги 2020 года!

2020 жыл бүкіл әлемде орын алған күрделі экономикалық және эпидемиологиялық шектеулерге қарамастан, астаналық арнайы экономикалық аймақтардың инвесторлары үшін табысты болды. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы инвестициялар көлемі 1,1 трлн теңгеден асты, онда инвестициялардың елеулі үлесі арнайы экономикалық аймақтардың инвесторларына тиесілі болды. АЭА инвесторларының 2020 жылғы жетістіктері: Өкпеге жел айдайтын құралдар, медициналық маскалар, дайын тұрғын үй-жайлар (модульдік блоктар), полиэтилен құбырлары, құрғақ құрылыс қоспалары, лифтілер мен эскалаторлар өндірісі басталды; Kazakhstan Aselsan Engineering, QHSE-Akbarys LLP АЭА-ның 8 кәсіпорны "Бизнестің жол картасы 2025", "Қарапайым заттар экономикасы" шеңберінде мемлекеттік қолдау алды; астаналық АЭА өнімдерін ілгерілету үшін ірі құрылыс компанияларымен 9 бизнес-кездесу өтті; "Астана – Технополис" АЭА аумағы 21 га кеңейтілді; Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры және 26 тұрғын-әкімшілік кешені пайдалануға берілді.

Артқа қайту