Жаңалықтар

Неміс бизнесі елорданың АЭА-на инвестиция салуға мүдделі


Немецкий бизнес заинтересован в инвестициях в СЭЗ столицы

"Астана-Технополис" АЭА басқарушы компаниясына Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Тило Клиннер келді, ол Нұр-Сұлтан қаласының №1 Индустриялық паркінің аумағында жаңа өндірістер құруға неміс бизнесін тартуға ниетті. Д-р Клиннер елордаға инвестиция салуға мүдделі бірқатар неміс кәсіпкерлері бар екенін, осыған байланысты Германия Елшілігі Нұр-Сұлтан қаласындағы АЭА-да жаңа өндірістерді құру бойынша перспективалар мен мүмкіндіктерді зерттеп жатқанын хабарлады. Кездесу барысында ГФР елшісі АЭА-да бизнес жүргізу шарттарымен, салықтық және кедендік жеңілдіктермен, АЭА инвесторларын мемлекеттік қолдау шараларымен, инфрақұрылымның қолжетімділігімен, сондай-ақ Басқарушы компанияның функционалымен танысты. Басқарушы компания мен елші елордалық тауарларды Германия нарықтарына экспорттау мүмкіндіктерін талқылады, осыған байланысты, доктор Клиннер жануарларға арналған қан алу жүйесін және құлақ сырғаларын өндіруші ZTOWN Development зауытына, сондай-ақ Eira Med компаниясының қан құю жүйелерін өндіру зауытына барды. Елші неміс бизнесмендерін елорданың АЭА инвестициялауға шақыру ниеті туралы хабарлады.

Артқа қайту