Жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС ҚОҒАМЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІН АРАЛАДЫ


ПРЕДСТАВИТЕЛИ БИЗНЕС-СООБЩЕСТВА УЗБЕКИСТАНА ПОСЕТИЛИ ПРЕДПРИЯТИЯ СПЕЦИАЛЬНОЙ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЗОНЫ Г. НУР-СУЛТАН

2019 жылғы 14 қарашада Өзбекстан Республикасының делегациясымен «Астана – Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясының ынтымақтастық шекара маңындағы форумының шеңберінде дайындық жөнінде кездесу өтті. Басқарушы компанияның өкілдерінің кездесуі Назарбаев университетінің ғимаратында өтті. Осы кездесуде өзбектік жаққа Нұр-Сұлтан қаласының АЭА туралы: аумақтың құрылуы тарихы және дамуы, жеңілдіктер мен артықшылықтар, қызметтің басым түрлері, шартқа кіру және тағы басқа ақпараттар берілді. Кездесуден кейін өзбектік делегация Басқарушы компанияның өкілдерімен бірге АЭА қатысушыларының қызметтерімен танысу үшін №1 Индустриалды паркке бет алды. Өзбекттік жаққа «Swiss Grow» ЖШС-нде тынайтқыштарды шығаратын зауытында және «ПИК «Astana Ютария ltd» ЖШС-нде тоқыма өнімдерің шығаратын фабрикасында экскурсия жүргізілді. Делегацияның өкілдері кәсіпорындардың еңбек жағдайларын және өнімдердің сапасын жоғары бағалап Басқарушы компаниясын және индустриалды парктегі кәсіпорындарды өзбектік әріптестермен тікелей қарым-қатынасуды белгілеу үшін ынтымақтастық шекара маңындағы форумға шақырды.

Артқа қайту