Досанов Ардак Ермагамбетович
Председатель
1980 жылы 19 мамырда Қарағанды облысында туған.
2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Қаржы және несие мамандығы бойынша үздік дипломмен оқып бітірді.
2008 жылы Кореяның Аджу университетінде магистратураны бітірді.
2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінде жұмыс істеді.
2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы.
2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық қатынастар департаменті Көлік-коммуникация кешенінің бастығы.
2006 жылдан бастап 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитетінің Инвестициялық преференцияларды ұсыну бойынша басқарманың бастығы.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитетінің Инвестициялық ынтымақтастық басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.
2011 ж. - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ ТМД елдері бойынша аймақтық директоры.
2011 жылдан 2013 жылға дейін - «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры. 2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Аймақаралық ынтымақтастық және экономикалық аудандыру департаментінің директоры.
2014 жылдың маусым айында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылдың қаңтарынан - «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» ММ басшысы.
2017 жылдың қаңтар айынан – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
2018 жылдың сәуірінен бастап «Астана-Технополис» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Байдаулетова Маржан Сериковна
Заместитель Председателя
1987 жылы 5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
2009 жылы Еуразия ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша үздік бітірді.
2012 жылы Т.Рысқұлов ат. Экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «қаржы менеджменті» факультетінің магистратурасын үздік бітірді.
2018 жылы Ұлыбританияның Кингстон университетінде магистратураны бітірді.
2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін - Астана қаласы әкімдігінің «Астананың тұрақты даму орталығы» ЖШС Ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы.
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Астана қаласы әкімдігінің «Өркен қала» ЖШС Бас экономисті - Жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.
2016 жылдан 2018 жылға дейін - «Қорғас» ШЫХО» АҚ Экономика және даму жөніндегі вице-президенті.
2018 жылдың сәуірінен бастап «Астана-Технополис» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.