СЭЗ «Астана – Технополис» құрылу тарихы, мақсаттары
«Астана - Технополис» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы қаулысымен құрылды. 2017-11-24
АЭА «Астана – Технополис» мақсаттары:
Нұр-Сұлтан қаласын инновациялық дамытуды инвестицияларды тарту мен қолда бар және тартылған озық технологияларды қолдану, ноу-хау, заманауи инфрақұрылым жасау арқылы жүзеге асыру.
Өңдеу өнеркәсібі саласында аса тиімді, жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өндірістер құру.
Жаңа технологияларды қарқынды дамыту, зерттеулер жүргізу мен жаңа технологияларды әзірлеудегі ұйымдастырушылық, экономикалық және әлеуметтік шарттарды одан әрі жетілдіру, оларды коммерциялауда жәрдем көрсету.
